
Ағымдағы жылдың 9–11 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Шыңғырлау ауданының қос жас педагогтері жүлделі орын иеленді.
Аталған байқаудың қорытындысы бойынша Шыңғырлау ауданы Амангелді негізгі орта мектебінің педагог-психологі Аманбаева Асима Мирболатовна жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетіп, жүлделі III орынға ие болса, "Жас тәлімгерлер" бөлімінде Ардақ МББК-нің тәлімгері Гумарова Асем Болатовна жүлделі II орынға ие болды.
Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі, сондай-ақ ауданымыздың білім беру саласының дамуына қосылған маңызды үлес.
Шыңғырлау аудандық білім бөлімі атынан әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметтеріне зор табыс, шығармашылық шабыт және жаңа биіктер тілейміз! 
Жетістіктеріңіз көп болсын!



