Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

    Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды
    Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен туған жердің тазалығын сақтау мақсатында өткен бұл игі шараға қала және ауыл округтерінен жалпы 6200-ге жуық адам белсенді қатысып, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосты.
    Ауқымды тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, мәдениет саласының мамандары, даңқты спортшылар, жастар мен аудан тұрғындары жұмыла атсалысты. Сенбілік барысында елді мекендердің ішкі көшелері, ирригациялық жүйелер, аяқжолдар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, облыстық маңызы бар күре жолдардың бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ретсіз өскен шөптер орылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.
    Бұл шара — аудан тұрғындарының туған жерге деген жанашырлығы мен экологиялық мәдениетінің айқын көрінісі. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екенін түсінген аудан халқы тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
    Таза әрі көрікті аудан – келешек ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра. Сондықтан “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, өңіріміздің экологиялық ахуалын жақсартуға өз септігін тигізе бермек.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.