«Өрт–2026»: Шардарада штаб отырысы өтті!!!
«Өрт–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шардара аудандық әкімдігінде арнайы штаб отырысы өткізілді. Жиынға аудан әкімдігі өкілдері, төтенше жағдайлар қызметі, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер мен азаматтық қорғау қызметтерінің жауапты мамандары қатысты.
Отырыста табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алу, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, күш-құралдардың дайындығы, эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және мекемелер арасындағы өзара үйлесімді іс-қимыл мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңде елді мекендер мен әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, техника мен арнайы жабдықтардың әзірлігін тұрақты бақылауда ұстау бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында жауапты сала басшыларына оқу-жаттығу барысында анықталған мәселелерді жедел шешу және азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігін арттыру бойынша тиісті міндеттер жүктелді



