
2019 жылы 28 маусымда Ақтөбеде «Өнер орталығы» залында жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ІХ Қазақстан Республикасы чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
Жарыстың барлық үш күнінің бағдарламасы сәтті орындалды. Жарысқа барлық облыстардан 200-ден астам жас спортшы қатысты. Спортшылар тапсырманы орындап, жақсы нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегер спортшыларды құттықтауға және медальдар мен кубоктарды тапсыруға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Мінбаев Ұшқын Әнуарұлы, ҚР ІІМ ТЖК «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы комитетінің директоры Данаев Дәурен Төлегенұлы, Ақтөбе облысының ТЖД басшылығы келді.«Өрт сөндіру-құтқару спорты – жалпы өрт күзетінің маңызды бөлігі, жасөспірімдер орындаған барлық элементтерді өрт сөндірушілер күнделікті қызметте пайдаланады. Олар үшін жақсы физикалық формада болу өте маңызды. Спорт жылдам шешім қабылдауды талап етеді, бұл да өрт сөндірушінің жұмысында өте маңызды», - деп Шараны Дәурен Данаев қорытындылады
Барлық командалардың (жасөспірімдер мен қыздар) жиынтық ұпайлары негізінде кешенді жалпыкомандалық есеп нәтижесі бойынша:
Ер балалар арасынан жеңімпаздар атанды:
1 орын - Шығыс Қазақстан облысының командасы;
ІІ-орын - Ақтөбе облысының командасы;
ІІІ орын - Ақмола облысының командасы иеленді.
Қыздар арасында жалпыкомандалық есепте:
1 орынды – Шығыс Қазақстан облысының командасы;
II орынды – Шымкент қаласының командасы;
III орынды – Қостанай облысының командасы иеленді.
Спортшыларға кубоктар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Командаларды марапаттау Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе филармониясының концерттік бағдарламасымен аяқталды.















