Құрметті қызмет алушылар!
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы оны бұрын белгіленген мақсатынан өзгеше пайдалануды жоспарлаған жағдайда жүргізіледі.
📲 Өтінішті беру тәсілдері: eGov.kz порталы арқылы (БЖКН/ЕГКН жүйесінде); «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО/ЦОН) арқылы; Жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) тікелей беру арқылы.
💻 eGov.kz және БЖКН (ЕГКН) арқылы өтініш берудің ОҢАЙ ҚАДАМДАРЫ :
- Жүйеге кіру және авторлану egov.kz сайтына кіріңіз. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), СМС-код немесе eGov Mobile қолданбасындағы QR-код арқылы жүйеге кіріңіз.
- БЖКН (ЕГКН) жүйесінен қызметті іздеу Санаттар ішінен «Жылжымайтын мүлік» (Недвижимость) «БЖКН» (ЕГКН) «Шешімдер беру» (Выдача решений) бөлімін табыңыз. Немесе іздеу жолағына тікелей «Нысаналы мақсатын өзгерту» (Изменение назначения) деп жазыңыз.
- Өтінішті рәсімдеу Жер учаскесі туралы мәліметтерді толтырыңыз. Қажетті құжаттарды жүйеге жүктеңіз.
- Қол қою және жолдау Дайын болған өтінішке өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізбен қол қойыңыз. Өтінішті жөнелтіңіз және нәтижесін күтіңіз. Өтінішке қоса ұсынылатын құжаттар: Жеке басты куәландыратын құжат (ID карта); Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар; Жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты (Акт); Схема (қажет болған жағдайда); Сұратылып отырған нысаналы мақсатқа байланысты өзге де қосымша құжаттар. 🔍 Өтінішті қарау барысында келесі жағдайлар ескеріледі: Қала құрылысы құжаттамасына сәйкестігі; Елді мекеннің бас жоспары; Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ПДП); Санитарлық, экологиялық және құрылыс нормалары; Жер учаскесіне қатысты шектеулер мен ауыртпалықтардың (кепілдік/залог, тыйым салу/арест) болуы немесе болмауы. ✅❌ Қарау нәтижесі бойынша: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы шешім шығады; Немесе заңнамада көзделген нақты себептер көрсетіле отырып, бас тарту туралы шешім қабылданады. ⏱ Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес айқындалады және жер учаскесінің санатына әрі келісу рәсімдерінің қажеттілігіне байланысты болады.⚠️ Қосымша хабарлаймыз: Жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау — Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады!


