
Павлодардағы телеграм-арналардың бірінде үрей туғызған видео тарады: көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы ашық терезенің алдына кішкентай бала шығып отырған. Терезе айқара ашық болған, ал жанында ересектер болмаған.
Тәртіп сақшылары дереу әрекет етті. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, Оңтүстік полиция бөлімінің бастығының орынбасары Алтынбек Медьяров мекенжайды анықтап, қажетті пәтерді тапты. Белгілі болғандай, өміріне қауіп төнген сәтте 10 жастағы қыз бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған.
– Қыз баламен қауіпсіздік ережелері туралы байыпты әрі түсіндіру сипатындағы әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құрметті ата-аналар, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырамыз! Москит торлары баланың салмағын көтере алмайды, ал бір сәттік немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Терезелерге арнайы құлып-блокаторлар орнатып, балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер, – дейді полиция подполковнигі Алтынбек Медьяров.



