
Ауылдық округіне қарасты елді мекендерде зиянкес жәндіктерге қарсы күрес жұмыстарының ІІ кезеңі өткізілді. Арнайы мамандар тарапынан тұрғын үйлердің қора-жайларында дәрілеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның мақсаты – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, зиянкес жәндіктердің таралуының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ауыл тұрғындары дәрілеу жұмыстары кезінде түсіністік танытып, мамандардың жұмысына қолдау көрсетті.



