
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара қаласындағы орталық стадионда өтетін «AL FARABI: Заң мен тәртіп, қаржылық қауіпсіздік» атты республикалық интеллектуалдық ойынның дайындық барысымен танысты.
Сапар барысында іс-шараның техникалық жабдықталуы, қауіпсіздік шараларының сақталуы, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерге қолайлы жағдай жасау мәселелері жан-жақты қаралды.
Арман Романұлы жауапты мамандарға жарысты жоғары деңгейде, әділ және жүйелі ұйымдастыруды, барлық дайындық жұмыстарын үйлестіріп, бір арнаға тоғыстыруды, техникалық және ұйымдастырушылық талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Мұндай зияткерлік жобалар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қаржылық мәдениетін дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



