
12.06.2026 жылы Көктерек ауылдық мәдениет үйі мен спорт нұсқаушысы Казезов Рауанның ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбында асық ату ойыны өткізілді.
Асық ойыны — тек көңілді уақыт өткізу ғана емес, баланың бойындағы мергендік, ептілік пен қырағылықты дамытатын ата-бабамыздан қалған асыл мұра.
✨ Шараның басты мақсаты:
Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу;
Ауыл жастары мен балалар арасында бұқаралық спортты дамыту;
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, асық ойынын жаңғырту.
Дүркіреп өткен жарыс барысында қатысушылар өзара мергендік сынасып, тартысты да қызықты ойын көрсетті. Ұлттық спортты қолдап, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🏆


