Азаматтарды қабылдау

    Маслихат города Косшы·
    Азаматтарды қабылдау

    Бүгін қала әкімі Азамат Қапышевтің төрағалығымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті мәрте қабылдау өтті. Қабылдауға депутаттық корпус өкілдері атынан қалалық мәслихат депутаты Шохан Ибраев қатысты.

    Қабылдау барысында тұрғындар көше жарығы, баспана мәселесі, құжаттама, жол құрылысы сияқты қала тіршілігі үшін түйткілді сауалдарды қойды. Әр сауал мұқият тыңдалып, назарға алынды. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берілді. Түйткілді сұрақтардың шешімін табу жолдарын қарастыру және тиісті шаралар қабылдау бөлім басшыларына тапсырылды.

    Тұрғындардың жеке мәселелері бойынша мұндай қабылдау әр аптаның сейсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі. Қабылдауға алдын ала 8 (7172)60-77-70 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.