Департаментпен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мамандарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Департаментпен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мамандарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    2026 жылға арналған медиа-жоспар негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен «Халыққа қызмет көрсету орталығында» орталық қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

    Іс-шараға Департаменттің медициналық қызметті лицензиялау және сертификаттау бөлімінің басшысы Ұ. Жақсылыққызы, аталған бөлімнің бас мамандары Е. Нартайұлы және З. Зәкірқызы қатысты.

    Кездесу барысында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға» және «Медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру туралы» мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттарды рәсімдеу талаптары, өтініш беру кезіндегі өзекті мәселелер және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағыттары талқыланды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.