
Іс-шараның мақсаты – терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізер зардаптарын түсіндіру, жастарды қырағылыққа, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тәрбиелеу. Кездесу барысында қатысушыларға терроризмнің алдын алу жолдары, қауіпсіздік шаралары және азаматтық жауапкершіліктің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ құндылық. Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!
#АққайнарАуылдықМәдениетҮйі #ТерроризмгеЖолЖоқ #ҚоғамҚауіпсіздігі #Бірлік #ЖастарТәрбиесі



