
Түркістандағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараның ең әсерлі сәттерінің бірі еліміздің барлық өңірлерінің командалары таныстырылған ерекше су шеруі болды. Мерекелік атмосфераны театрландырылған қойылымдар, этно-фольклорлық композициялар және танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама толықтырды.
VIII Халық ойындарына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген командалар қатысады. Спортшылар баскетбол 3х3, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, футзал, асық ату, қол күресі және гір спортынан бақ сынайды. 20 маусымға дейін жалғасатын жарыстардың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен командалар анықталады.