Пәтер ұрыларынан қалай сақтануға болады: павлодарлық полицейлер кеңес берді

    Пәтер ұрыларынан қалай сақтануға болады: павлодарлық полицейлер кеңес берді

    Тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезеңінде Павлодар облысының тұрғындарын өз мүлкіне мұқият болуға шақырады.

    Соңғы жылдары пәтер ұрлығының саны азайып келе жатқанымен, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында осындай 23 қылмыс тіркелген. Оның 20-сы ашылып, қалған үш дерек бойынша полицейлер тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

    – Жаз мезгілінде пәтер ұрлығының саны дәстүрлі түрде артады, – дейді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Владислав Ермолаев. – Бұл адамдардың демалысқа кетіп, тұрғылықты мекенжайында ұзақ уақыт болмауымен байланысты. Ұрылар көбінесе пластикалық терезелерді күштеп ашу арқылы үйге кіреді. Сирек жағдайда құлыптарды бұзу, кілттерді іріктеу немесе шатырдан түсу тәсілдерін қолданады. Сондықтан алдын алу мақсатында терезелерге немесе олардың ашылатын бөліктеріне тор орнатуды ұсынамыз. Сонымен қатар сенімді құлыптарды пайдаланған жөн. Егер үйіңізді ұзақ уақытқа қалдырсаңыз, оны бірнеше құлыппен жабуды ұсынамыз.

    Әдетте қаскөйлер көзге түспей, оңай кіруге болатын жеке үйлер мен пәтерлерді таңдайды. Сондықтан кіреберістегі бейнебақылау камералары немесе үйдегі дабыл жүйесі қосымша қорғаныс бола алады. Көбінесе ұрылар бағалы әшекейлер мен қолма-қол ақшаны алып кетеді. Сол себепті оларды сейфте немесе банк ұяшықтары мен шоттарында сақтау ұсынылады.

    Сондай-ақ полицейлер көршілермен тығыз қарым-қатынаста болуға кеңес береді. Себебі бірлесіп әрекет ету ықтимал қылмыскерлерге қарсы тұруды жеңілдетеді

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.