
Ағымдағы жылдың 17 маусым күні жергілікті уақыт 14:00 де, тұрақты комиссияларының біріккен отырысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Т.Шамбалаев, тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №376 «Шалқар аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
2) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №165 «Шалқар ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
3) Шалқар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 14 мамырдағы №641 «Шалқар ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
4) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №551 «2026-2028 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.


