
Ағымдағы жылдың 17 маусым күні жергілікті уақыт 16.00 де, Шалқар аудандық мәслихатының бюджет, экономика және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссия отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1) Шалқар ауданының Шалқар қаласы, ауылдық округтегі елді мекендерді сапалы ауыз сумен және көл суымен қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы, су тапшылығын жою мәселелері.
Баяндамашы: Мұрат Әділбек Абайұлы – «Шалқар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2) Шалқар аудынының қала, ауылдық округтерінің сапалы ауыз сумен, газбен, тұрақты электр жарығымен қамтамасыз етуі бойынша қабылданған шаралар мен алдағы жұмыс жоспары жөнінде.
Баяндамашы: Аян Қорқытұлы – Шалқар ауданы әкімінің орынбасары.
3) Қауылжыр ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы.
Баяндамашы: Ж.Қабақбаев – «Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.


