
Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңіраралық университетінде Ақтөбе облыстық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында әкімшілік әділеттің құрылғанына 5 жыл толуына орай «Әкімшілік әділет: бүгіні мен болашағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Департамент басшысы А.М.Латыпова, Департамент басшысының орынбасары А.Д.Сулейменова және мамандар қатысты. Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, әкімшілік әділеттің құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызын айқындады.



