мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау туралы ХАТТАМА

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау туралы

    ХАТТАМА

    Салқынкөл а. 2026 жылғы 11 мамыр

    Төрағалық етті:

    Ауылдық округ әкімі Байғазина Ж.К.

    Қатысқандар: Ауылдық округ ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызмет көрсететін бас маман

    КҮН ТӘРТІБІ

    1.Солтүстік Қазақстан облысыҒабит Мүсірепов атындағы аудан Салқынкөл ауылдық округ әкімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

    Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті ауылдық округ әкімі Ж. Байғазина оқыды

    Ұсыныс сұрақтары бола ма?

    Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

    Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

    1. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшыларына:

    - қолданыстағы заңнамаға, ережелер мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

    - "Электрондық үкімет"порталында көрсетілетін электрондық қызметтер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;

    - тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы арқылы және «электрондық үкімет» порталында (аудандық БАҚ, жергілікті тұрғындармен жиындар, билбордтарды ресімдеу және т. б.) хабарлау;

    - мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

    - келесі айдың 1 күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ішкі бақылау бойынша ақпараттың сапалы және уақтылы берілуін қамтамасыз ету;

    - Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізу;

    - жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып, есептерді жария талқылауды жүргізу.

    Осы хаттаманың орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Тотайға жүктеледі.

    «Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

    әкімінің Салқынкөл ауылдық

    округ әкімінің аппараты» КММ

    әкімі Ж. Байғазина

    «Солтүстік Қазақстан облысы

    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

    әкімінің Салқынкөл ауылдық

    округ әкімінің аппараты» КММ

    бас маманы А. Тотай

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.