
ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!
Есірткі – адамның денсаулығына, психикасына және болашағына қауіп төндіретін зиянды зат. Оның бір реттік қолданылуының өзі тәуелділікке алып келіп, отбасы мен қоғамға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуы қажет.
✅ Салауатты өмір салтын таңдаңыз;
✅ Спортпен және пайдалы істермен айналысыңыз;
✅ Күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз;
✅ Достарыңызды дұрыс таңдаңыз;
✅ Қиын жағдайда ата-анаңызға, ұстаздарға немесе мамандарға жүгініңіз.
Есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Болашағыңыз өз қолыңызда!



