
Бүгін Жастар ресурстық орталығында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық жиын өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің, деструктивті діни ағымдардың, алкогольдік және есірткілік заттарды пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті арттыру және тәртіпті сақтау бағытында профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.



