
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні жергілікті уақыт 14:00 де, тұрақты комиссияларының біріккен отырысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Т.Шамбалаев, тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №560 «2026 – 2028 жылдарға арналған Шалқар қалалық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №564 «2026 – 2028 жылдарға арналған Бозой ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №565 «2026 – 2028 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.


