Сүттің көптігі болмайды

    Сүттің көптігі болмайды

    «Дамате» компаниялар тобының жобасы өткен жылы жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар бұл жобаға 5,6 миллиард рубль, яғни 30 миллиард теңгеден астам қаражат салды.

    – Бүгінгі күні жалпы мал басы саны 6,4 мың болып табылады, оның 2450-і – бас сауын сиыр. Жобалық қуатқа көшуді 2019 жылға жоспарлап отырмыз,- деді тауарлы сүт фермасының атқарушы директоры Андрей Зайцев. – Барлық сиырлар Германия, Голландия, Дания мемлекеттерінен әкелінген.

    Қазіргі уақытта сауынның тәуліктік мөлшері 65 тонна болып табылады. Алынатын сүттің барлығы «Danone» компаниясының өндірісіне жіберіледі. Ферманың топ-менеджерлерімен кездесуі барысында Павлодар облысы басшылығы тәжірибе алмасу жөнінде келісті.

    – Бұл компания өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісу үшін павлодарлық фермерлер мен технологтарды қабылдауға дайын,- деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Махажанов. – Біз бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануымыз керек, себебі біздің аймақтағы сүтті мал шаруашылығы дамуының әлеуеті өте жоғары. Бізде фермаларды сапалы жеммен қамтамасыз ету үшін пайдалануға болатын ауыл шаруашылығы алқаптары көп. Жем сапасы жоғары болса, сауын мөлшері де ұлғаяды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.