
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні жергілікті уақыт 15:00 де, Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясының жалпы отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы, қала әкімі, мәселесі бойынша шақырылған ауылдық округ әкімдері қатысты. Депутаттар сессияның күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады.
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №560 «2026 – 2028 жылдарға арналған Шалқар қалалық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Қ.Исаев – Шалқар қаласының әкімі.
2) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №564 «2026 – 2028 жылдарға арналған Бозой ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Косманбетов – Бозой ауылдық округінің әкімі.
3) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №565 «2026 – 2028 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Кенжалин – Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі.
Сессия соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.



