Жаңалық

    Жаңалық
    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
    👥 Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында құрылыс, коммуналдық, білім беру, жол, газдандыру салаларына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
    📝 Түркістан қаласының тұрғыны ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті орталық ашу мәселесін көтеріп, аталған бағыттағы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетуді сұрады. Тағы бір түркістандық тұрғын қаладағы заңсыз құрылысқа қатысты шағымын жеткізді. Бәйдібек ауданынан келген азамат білім беру ұйымдарындағы ыстық тамақпен қамту мәселесіне тоқталса, Жетісай ауданының тұрғыны облыстық маңызы бар КХ-75 және КХ-26 автомобиль жолдарының бойын жарықтандыру қажеттігін жеткізді. Одан бөлек, қабылдау барысында ұсыныстар да айтылды.
    💬 Облыс әкімінің орынбасары әрбір көтерілген мәселе мен ұсынысты мұқият тыңдап, тиісті басқармалар мен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
    📋 Тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жалғасып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары облыс басшысының бақылауында болады.
    🎯 Айта кетейік, облыс әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
    🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.