КЕЛЕШЕК МЕКТЕП АТА-АНАЛАРЫ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

    КЕЛЕШЕК МЕКТЕП АТА-АНАЛАРЫ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

    КЕЛЕШЕК МЕКТЕП АТА-АНАЛАРЫ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
    ​Шардара ауданы, Өтеғұл елді мекенінде орналасқан №3 жалпы білім беретін келешек мектеп ата-аналарына арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды. Мектепте бір ауысымда 300 оқушы білім алуға мүмкіндік бар. Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай. Мұнда пән кабинеттері толық жабдықталған. STEM -зертханалар, биология, химия, физика кабинеттері тәжірибелік сабақтарға арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
    Шара барысында ата-аналар мектептің ішкі тәртібімен, оқу кабинеттерімен, заманауи жабдықталған сыныптарымен және оқушылардың жан-жақты дамуына арналған қосымша үйірмелермен танысты. Бұл бастаманы мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиев ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайтатынын алға тартты
    - Біздің мақсатымыз – әрбір оқушыға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Бүгінгі ата-аналармен кездесу – сенімді серіктестік орнатуға бағытталған маңызды қадам. Баланың табысты болуы – мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен қолға алынған “Келешек мектептері” ұлттық жобасының шарапатын -біздің елді мекен тұрғындары да көріп отыр. Бұған дейін ауылдағы жалғыз жақын жерде орналасқан білім ұясы үш ауысымды мектеп қатарына енуге шақ қалған еді. Жаңа келешек мектептің салынуы - ауыл баласының одан ары білімін жетілдіруге таптырмас мүмкіндік береді. Мұнда оқушылардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту үшін хореография залы, заманауи талаптарға сай спорт залы мен спорт алаңы, музыка кабинеттері ұлттық және классикалық аспаптармен жабдықталған. Бейнелеу өнері және графика кабинеті, тамақтану мәдениеті кабинеті, еңбекке баулу шеберханалары қарастырылған. Кітапхана, асхана, АКТ залы ,коворкинг және демалыс аймақтары бар. Жаңа мектеп әрбір оқушыға тек сапалы білім алуға ғана емес, сонымен қатар ғылыммен, өнермен, спортпен және еңбекпен айналысуға толық мүмкіндік беретін заманауи білім ордасына айналмақ,- дейді мектеп директоры.
    Бүгінгі шарада ата-аналарға оқу процесінің ерекшеліктері, цифрлық білім беру платформаларын қолдану тәртібі және оқушылардың тәрбиелік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері жайында толық ақпарат берілді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.