
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА 120 ТОННА ҚОҚЫС ҚАЛДЫҚТАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
♻️Ордабасы ауданында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және елді мекендердің көркін жақсарту мақсатында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
📌Аудан орталығындағы жазғы демалыс аймағында өткен тазалық жұмыстарына 250-ден астам мекеме қызметкері қатысып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды.
🔰Сонымен қатар ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде де сенбіліктер өткізіліп, көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар, жол жиектері мен арық-атыз жүйелері тазартылды.
🚚Тазалық шараларына 10 арнайы техника жұмылдырылып, аудан аумағынан 120 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
🔗Аудан аумағында тазалық пен санитарлық талаптарды сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсартуға басымдық берілуде.



