
Алдымен аймақ басшысы бір ай бұрын ғана бір ғасырлық белесті бағындырған Евдокия Максимовнаның үйіне барды. Ол тыл ардагеріне мол бақыт пен зор денсаулық тіледі.
– Сіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында біз бақуатты өмір сүріп жатырмыз, – деді облыс әкімі. – Сіздерге көңіл бөліп, қалыңызды білу – біздің парызымыз.

Сонымен бірге, Болат Бақауов осы жылы 106 жасқа келген Күлжәмилә Ахмедиянованың үйінде болды. Жалпы, бұл күні өңір басшылығының атынан Павлодар қаласында тұратын жастары жүзден 10 анаға құттықтау келіп түсті. Мереке қарсаңында оларға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды.



