
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, Хаб Фин Бизнесі және «Collaprime» финдік компаниясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салғанда және әкімшілік ғимараттарды жобалау кезінде қазіргі заманғы технологияларды дамыту туралы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.
Тараптар алдыңғы қатарлы фин технологиялары мен тәжірибелерін қолдануды, бірлескен пилоттық жобаларды іске асыруды, модельдік және эксперименталды дизайн саласындағы мамандарды оқыту мен дамыту бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Жол картасы әзірленді және одан әрі іс-қимылдарды үйлестіріп, кейбір мәселелерді шешетін жұмыс тобы құрылды.
Collaprime - интеллектуалдық 3D үлгілерін пайдалануға негізделген BIM-технологиялар бойынша - ғимараттарды ақпараттық моделдеу жөніндегі Финляндиядағы халықаралық марапаттардың иегері және 2016 жылғы үздік компания. Осы технологияның арқасында мамандар сәулет элементтерін, инженерлік жүйелер мен құрылыс конструкцияларын жобалау бойынша ғимараттарды және инфрақұрылымды тиімді жоспарлау, жобалау, салу және пайдалану мүмкіндігін арттыра алады.
Жобалаудың ерте кезеңінде жаңа технологияларды пайдалану негізделмеген және дұрыс қабылданбаған техникалық шешімдердің болуына жол бермейді, сондықтан жобалау саласындағы «Collaprimе» тұлғасындағы компаниямен жаңа әріптестік орнатуға қуаныштыз. Ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтықмақтастық орнатамыз деген үміттеміз», - деді «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Умербаев.
«Collaprime» Бас директоры Тони Линквист, финдік ноу-хау мен қазақстанның тәжірибесін біріктіре отырып, көптеген инновациялық шешімдер табуға және оларды табысты іске асыруға болады деп атап өтті. Бұл технология трансферті ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді инновациялық серіктестіктің негізі, ол қазіргі жобалардың сапасын жақсартуға және оларды бүкіл өмірлік циклде тиімді болып табылады деп атап өтті.
«Біз BIM-жобаларын іске асыру кезінде табыстарға жету үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды стандарттау саласындағы финдік тәжірибемен бөлісе аламыз. Біз өз уақытында осындай кей сәттерді ескермедік, енді біздің тәжірибеміз қателіктерімізден аулақ болуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деді Тони Лингвист.
Белгілі болғандай, 2020 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуропалық құрылыс нормаларына негізделген жаңа құрылыс нормаларына толығымен өтеді. 2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс нысандарын жобалауда ақпараттық модельдеу технологиясын енгізу іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясының ақпараттық модельдеу технологиясына көшу тұжырымдамасы, сондай-ақ кейбір нормативтік-техникалық құжаттар әзірленді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің қорында саланы ақпараттық моделдеуге көшу туралы ұсыныстарды дайындау және бақылау үшін жұмыс тобы құрылды.
Анықтама үшін:
«Collaprime» Компаниясы –3D-модельдер зияткерлік пайдалануға негізделген ақпараттық модельдеу, құрылыс қамтиды бағдарламалық қамтамасыз етуші, әзірлеуші озық фин компаниясы. «Collaprime» - BIM-технологиясы бойынша Финляндияда 2016 жылы ең үздік BIM-жоба бойынша сыйлығының лауреаты, сондай-ақ «Global» сыйлығының лауреаты. Қазіргі уақытта, компания BIM-технологияларымен шамамен 50 жобаны (атомдық электрстанциясы зауытын салу кезінде Росатом және Fennovoima компаниясының инженерлері мен дизайнерлерімен өзара қарым-қатынас жасау,Финляндиядағы аурухана, университеттердің және бизнес-орталықтардың 5D-модель және т.б.) аяқтады.
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.






