
Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – ең жауапты әрі ең қадірлі міндеттердің бірі. Ақ халатты абзал жандар күн сайын халықтың саулығы жолында аянбай еңбек етіп, өздерінің кәсіби біліктілігімен, жанашырлығы және адамгершілік қасиеттерімен ел алғысына бөленіп келеді.
Сіздер кез келген жағдайда сабыр сақтап, науқастарға дер кезінде көмек көрсетіп, тұрғындардың өміріне араша болып жүрсіздер. Бұл – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін мәртебелі мамандық. Сондықтан да медицина қызметкерлерінің еңбегі әрдайым зор құрметке лайық.
Бүгінде ауданымыздың денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері мен сала ардагерлері халықтың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіліп, денсаулық сақтау жүйесінің дамуына серпін берілуде.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке және кәсіби жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев



