Мадияр Байғабылұлы Әбілдиннің грамотасымен марапатталдым

    Мадияр Байғабылұлы Әбілдиннің грамотасымен марапатталдым

    Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мадияр Байғабылұлы Әбілдиннің грамотасымен марапатталдым.


    Бұл марапатты мен мемлекеттік қызметтегі 23 жылдық еңбек өтілімнің нәтижесі деп білемін. Сонымен қатар, бұл жетістік тек менің ғана еңбегім емес, аппарат қызметкерлерінің бірлесе атқарған жұмысының жемісі деп есептеймін.


    Осыған орай, барша әріптестеріме мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру жолындағы еңбегімізге толағай табыс тілеймін. Алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді аямай, ел игілігі үшін адал қызмет етеміз деп сенемін.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.