
2019 жылғы 28 маусымда Қарабалық ауданының Боскөл ауылында ауыл шаруашылық кәсіпорын базасында № 24 жеке өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті.
Өрт сөндірушілердің жаңа бөлімшесін құру Бозкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан Боскөл, Талапкер және Саманы алыс ауылдарын қосымша өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді. Елді мекенде 1 500-ден аса адамд тұрады.
Өрт сөндіру командасының штатында 9 адам бар. АЦ-30 өрт сөндіру автомобилін (ГАЗ-66), киім-кешекті, өрт-техникалық қару-жарақты және үй-жайды «Босколь ХПП» ЖШС берді.
Ерікті өрт сөндіру құралымының өрт сөндірушілері мен жүргізушілері Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Кәсіби дайындық мектебінде оқудан өтті. Курстарды аяқтағаннан кейін біліктілік комиссиясы сынақтар қабылдап, лауазымы бойынша бастапқы дайындықтан өткендігі туралы сертификаттар берді. Енді ауыл тұрғындарының тыныштығы тәулік бойы кезекшілікке түсетін 2 оқытылған адамнан тұратын жауынгерлік есеп қамтамасыз етеді.Посттың ашылу рәсіміне Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т.Б. Кәкімов, Қарабалық ауданының әкімі Н.К.Утегенов, «Олжа Боскөл-Астық» ЖШС-ның директоры С.Ж. Маркеев, Қарабалық ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С.А. Кульбаев, «Боскөл ХПП» ЖШС басшысының м.а. С.П. Аникеенко, Бозкөл ауылдық округінің әкімі С.Т. Тюлюбаев, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиналғандарды құттықтай отырып, облыстық ТЖ басшысы Қарабалық ауданында жаңа өрт сөндіру депосын ашуға мүмкіндік бергені үшін аудан басшылығына және ауыл шаруашылығы кәсіпорнына алғысын білдірді. Өйткені ол ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шалғай ауылдық округ тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы


