Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың қатысуымен ҚР азаматтарының кірістері мен мүліктерін жалпыға ортақ декларациялау мәселелері бойынша брифинг өтті

    Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың қатысуымен ҚР азаматтарының кірістері мен мүліктерін жалпыға ортақ декларациялау мәселелері бойынша брифинг өтті

    Қаржы министрлігі басшысының орынбасары хабарлағандай, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге дайындық барысында Қарағанды облысы Осакаров ауданында жеке тұлғалар декларация тапсыру бойынша пилот өткізілді.

    2 153 декларация қабылданды, оның ішінде 114 (5,4%) салық төлеушіде уәкілетті органдардың мәліметтерімен алшақтықтар бар.

    Өткізілген пилоттың нәтижелері бойынша декларация формасы мен көлемі 15-тен 2 параққа дейін қысқартылды.

    "Электрондық үкімет" порталында (Е-gov.kz) тестік режимде декларацияның электрондық нысанын толтыру сервисі іске асырылды.

    Жақында ғана салық және кеден мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды, ол Е-gov 1414 бірыңғай республикалық байланыс орталығының белгілі нөмірі платформасында жұмыс істейтін болады.

    Тұтастай алғанда, республика бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардан 19,6 млн. мәліметтер алынды, оның ішінде 26,1% - да қателіктер бар. Деректерді өзектендіруге қатысты.

    2018 жылдың ішінде мемлекеттік органдардың мәліметтерін өзектендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 5 миллион 100 мың жалған мәліметтердің 99% - ы түзетілді.

    Уәкілетті мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау негізінде салық шегерімдерін қолдану тетіктері жетілдірілді. Сонымен қатар проблемалық мәселелер бар, атап айтқанда, ауылдық жерлердегі халықтың төмен қаржылық сауаттылығы байқалады (респонденттердің 80% - дан астамы декларацияны дербес толтыра алмады), шалғайдағы елді мекендерде Интернет желісіне қолжетімділіктің шектеулілігі, уәкілетті органдардың (мүлік, жер, көлік құралдары бойынша) деректер базасы өзектіленбеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерлерде активтерінің болуы туралы мәліметтер (деректер базасы) жоқ.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.