Пресс-релиз

    Пресс-релиз

    Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Сұңқар» шаңғы трамплині кешеніндеҰлттық ат спортынан Жастар арасындағы І Азия чемпионаты мен Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» атты ІІ Халықаралық этноспорт форумына орай баспасөз мәслихаты өтті.

    Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Кенжеболатов, Алматы облысы Спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, сондай-ақ ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай аталмыш шаралардың дайындық жұмыстарына тоқталып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

    - Жастар арасындағы І Азия чемпионатына тек еліміздің емес, бірқатар мемлекеттердің ең таңдаулы, жас та болса тәжірибелі спортшылары қатысады. Бұл әсіресе Ұлттық спорт түрлерінің кең қанат жаюына, жас мамандардың тәжірибе алмасуына,шыңдалуына ерекше серпін береді», - деді Н.Теңізбаев.

    - «Әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150-ден астам этноспорт делегацияларықатысады деп күтілген. Оның ішінде спорт министрлігі басшылары, ұлттық спорттыңмайталмандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар, тәжірибелітөрешілер,мықтыспортшылармен қоғам қайраткерлері қатысады.Қазір осыншама қонақтарды күтіп алу үшін, форумның жоғары деңгейде өтуі үшін дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр»,деді Е.Кенжеболатов.

    - «Жастар арасында болатын І Азия чемпионаты, Алматы қаласында өтетін Халықаралық этноспорт форумы да барлығымыз үшін үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктері осы екі шараға да үлкен қолдау білдіріп отыр. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Бүкіләлемдік этноспорт қауымдастығы, TIKA агенттігінің де қамқорлығын көріп отырмыз. Қалай десек те әлеумет үшін, шет елден келетін құрметті қонақтар үшін де жақсы жағдай жасауымыз тиіс», - деді Р.Жақсыбай.

    Айта кетейік, 16-21 сәуірге белгіленген чемпионат көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спорт түрлерінен Алматы қаласы маңындағы «Байсерке-Агро» атшабарында өтеді. Азияның 10 елінің құрама командаларының қатысуымен өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Венгрия, Түркия, Малайзия мемлекеттерінің үздік спортшы жастары І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.