Көкшетауда қысқы Универсиада алауы жағылды

    Көкшетауда қысқы Универсиада алауы жағылды

    Бүгін Көкшетаудағы «Тәуелсіздік» алаңында облыс әкімі С.В. Кулагиннің қатысуымен Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алауының өңірлік жағу рәсімі өтті.

    Облыс әкiмi Сергей Кулагин орталыққа жиналғандарды құттықтап, бiздiң елiмiз үшiн бұл шараның өте маңызды екендiгiн ерекше атап өттi.

    — «2011 жылы 29 қарашада Халықаралық студенттiк спорт федерациясы Алматыны 2017 жылы Универсиада өтетiн қала ретiнде бекiттi. Сөйтiп ТМД елдерiнiң iшiнде Қазақстан ең алғашқы қысқы Универсиада өтетiн ел ретiнде таныла бастады. Әрине бұл бiздiң Елбасымыз — Нұрсұлта Әбiшұлы Назарбаевтың әлемдiк биiк беделiнiң арқасында қол жеткiзген жетiстiктерiмiздiң бiрi.

    Мiне, бүгiн бiз тарихи сәттi, яғни 28-шi Дүниежүзiлiк қысқы Универсиаданың басталу кезеңi — алауы жағылуына куә болудамыз. Бұл Универсиадаға Ақмола облысының 19 спортшысы қатысады. Мен мыңдаған ақмолалықтардың олар үшiн жанкүйер болатынына сенiмдiмiн. Өз атымнан және барша ақмолалықтар атынан сiздердi құттықтаймын! Бiз сiздерге сенемiз! Үйге жеңiспен қайтыңыздар!», — дедi өз сөзiнде С. Кулагин.

    Ресми құттықтаудан кейiн облыс басшысы тұтатылған алау эстафетасын халықаралық спорт шеберi, 2013 жылғы қысқы Универсиада чемпионы — Татьяна Осиповаға табыстады.

    Жалпы алау эстафетасына студенттер мен аспиранттардан құралған Ақмола облысының 60 алаугерi қатысты.

    Алаугерлер қаланың көрiктi жерлерiн және жоғарғы және орта-арнаулы оқу орындарн айналып, жүгiрiп өттi.

    Алау эстафетасының аймақтық кезеңiн Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi, қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң студентi Дина Жоламан аяқтады.

    Дина Жоламан Ақмола облысының алау эстафетасын әрi қарай Алматы қаласына апарып, 2017 жылғы 28-шi Дүниежүзiлiк қысқы Универсиаданың ашылу рәсiмiне қатысатын болады.

    Жалпы Ақмола облысының спортшылары Универсиада бағдарламасына сәйкес биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, хоккей сияқты спорттың 4 түрiне қатысады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.