Пресс-релиз

    Қазақстан Республикасы Үкіметімен а.ж. 24 тамызында № 515 «Орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1596 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысы қабылданды (бұдан әрі – қаулы).

    Осы қаулымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңымен Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексеруді жүргізу тәртібін бекіту құзіретін алынып тасталуына байланысты, «Орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1596 қаулысының күші жойылуы көзделген.

    Бұл ретте, орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкімдіктерде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әділет органдары тексеруді жүзеге асырады.

    Жоғарыда көрсетілген қаулы а. ж. 24 тамызында күшіне енді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.