Делегация РГП «НИИС» принимает участие в Конференции высокого уровня по охране ИС «Инициатива Пояс и Путь»

    «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Ермек Қуантыров 2018 жылғы 28-29 тамызда Бейжіңде (Қытай) өтетін «Белдеу және Жол» бастамасы тақырыбында Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысады.

    Іс-шараны Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Фрэнсис Гарри, Қытай Халық Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік ведомствосының комиссары Шен Чаню және Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті Сауле Тлевлесова алғы сөзімен ашты.

    Конференцияға ДЗМҰ, ЕАПҰ, әлемнің ұлттық зияткерлік меншік ведомстволары басшылары қатысады.

    Конференцияның алғашқы күнінде «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов «Инновациялар мен өнертабыстарға зияткерлік меншік саласындағы тұрақты халықаралық көпжақты ынтымақтастық - Халықаралық нормалар, Ғаламдық зияткерлік меншік қызметі және ұлттық деңгейдегі тәжірибе» тақырыбында панельдік сессиясында Қазақстанның ұлттық патенттік ведомствосының жетістіктерімен бөлісті.

    Бұдан басқа, осы Конференция аясында делегациялар басшылығы ҚХР Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

    Конференцияның екінші күнінде қатысушылар өткен Конференцияның қорытындылары бойынша ынтымақтастық нәтижелерін және 2016 жылдан бастап бастаманы қолдауға бағытталған ДЗМҰ қызметін талқылануда.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.