ЫҚПАЛ ЕТЕТІН РЕТТЕГІШТІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ОНЛАЙН ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

    ЫҚПАЛ ЕТЕТІН РЕТТЕГІШТІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ОНЛАЙН ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі министрліктің ашық порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасы бойынша ықпал ететін реттегішті талдау нәтижелерін орналастырғанын хабарлайды, оның ішінде:

    1. 10000 текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға тыйым салуды ендіру;
    2. жерасты суларына іздестіру жұмыстарына құқық беру бойынша рұқсат тәртібін ендіру;
    3. лицензия негізінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін ендіру;
    4. лицензия негізінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін ендіру;
    5. лицензия негізінде жер қойнауын пайдаланудың ерекше түрін – старательдікті көрсету;
    6. жер қойнауы кеңістігін пайдалануға құқық берудің лицензиялық тәртібіне ауысу;
    7. жерасты суларын өндіруге құқық беру бойынша рұқсат тәртібін ендіру;
    8. барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алу және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру тәртібін ендіру.

    Осыған байланысты, министрлік Сізді 2017 жылғы 10 мамырға дейін мерзімге ықпал ететін реттегішті талдау нәтижелерін талқылауға қоғамдық онлайнға қатысуды сұрайды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.