«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы министрінің баяндамасы

    «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы министрінің баяндамасы

    «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша Қаржы министрінің баяндамасы АСТАНА Қ., ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫ, 2018 ЖЫЛ

    Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

    Құрметті депутаттар!

    Сіздердің қарауларыңызға «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылып отыр.

    Бюджет жобасы үш негізгі міндетті шешуге бағытталған.

    Бірінші міндет. Барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.

    Екінші міндет. 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясын іске асыру шеңберінде жеті басым саясат пен реформалардың орындалуын қамтамасыз ету.

    Үшінші міндет. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » атты Жолдауыныңіске асырылуын қамтамасыз ету.

    Жолдаудың іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету Үкіметтің ұсынысы бойынша заң жобасына Парламент енгізіп отырған түзетулер арқылы іске асырылды.

    Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін бірден республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлеріне тоқталуға рұқсат етіңіздер.

    Бюджеттің негізі мен оның қаржылық мүмкіндіктері ынталандыратын макроэкономикалық саясатты жүргізу негізінде құрылған, ол бюджеттің мұнай кірістерінен тәуелділігін біртіндеп төмендету және салық түсімдерінің орнықтылығын қамтамасыз ету арқылы іске асырылуда.

    Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт пен мұнайға экспорттық кеден бажы (ЭКБ) түріндегі бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің көлемі 2019 жылға 3,4 трлн. теңгені немесе 2021 жылға қарай4,0%-кетөмендеумен жалпы ішкі өнімге 5,4%-ті құрайды.

    Бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі 2019 жылы35,3%-тен2021 жылы 28,9%-ке дейін төмендейді.

    Ұлттық қор қаражатын шектеулі пайдалану, сондай-ақ ағымдағы жылдың өзінде мұнай бағасының өсуі қор активтерін мерзімінен бұрын тұрақтандыруға алып келеді.

    Мұнайлы емес түсімдердің көлемі ағымдағы жылдыңжоспарына қарағанда 982,5млрд. теңгеге немесе 18,5%-ке өсумен, 2019 жылға 6,3 трлн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.

    Өзгерістердің басты факторлары жобалау офисінің жұмыс нәтижесі ретінде болжанатын экономиканың даму қарқындарының ұлғаюы, салықтық әкімшілендіруді жақсарту және салықтардың жиналу тиімділігін арттыру болды.

    Жалпы алғанда ,республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 3 жылдық кезеңде:

    2019 жылы – 6,8 трлн. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге
    10,6 процентті;

    2020 жылы – 7,4 трлн. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге
    10,7 процентті;

    2021 жылы – 8 трлн. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге
    10,8 процентті құрайды.

    Республикалық бюджет жобасы бюджет тапшылығын
    2019 жылы жалпы ішкі өнімге 1,5 проценттен 2021 жылы
    1,3 процентке дейін төмендету есебінен борышты қауіпсіз деңгейде ұстап тұру міндетін іске асыруды қамтамасыз етеді.

    2019 жылы республикалық бюджет шығыстары
    ағымдағы жылдың жоспарынан11,1%-ке өсіп, 10,7 трлн. теңгені құрайды (2020 ж. – 11,1 трлн. теңге, 2021 ж. – 11,4 трлн. теңге).

    Әлеуметтік блоктың шығыстары 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясының жаңа адами капиталын құрудың жүйелі реформасына толығымен байланысты және үш жылдық кезеңде 15,7 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылы - 4,8 трлн. теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінен 45%-ті, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 49,2%-ті құрайды.

    Президенттің Жолдауын іске асыру үшін әлеуметтік блоктың шығыстары 110 млрд. теңгеге ұлғайтылды, ол
    2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін
    42 500 теңгеге дейін көтерумен, үш жылда мектептерді салу көлемдерді 50 млрд. теңгеге ұлғайтумен, мектеп психологтарының жұмысын күшейту, сондай-ақ 2019 жылы Жастар жылын өткізумен байланысты.

    Экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға арналған шығыстар экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, технологиялық жаңғырту, цифрландыру саясатын іске асырумен байланысты және орта мерзімде 4,7 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылға - 1,9 трлн. теңге.

    Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру барысында осы бағыт бойынша шығыстар үш жыл ішінде
    600 млрд. теңгеден аса сомаға, оның ішінде 2019 жылы
    215 млрд. теңгеге ұлғайтылды .

    Өңдеуші өнеркәсіп пен экспортты дамытуға үшін қосымша үш жыл ішінде 190,4 млрд. теңге, оның ішінде 2019 жылы - 62,7 млрд. теңге, 2020 жылы - 87,7 млрд. теңге және 2021 жылы - 40 млрд. теңге бағыттау ұсынылады.

    Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті дамытуға үш жылда 90 млрд. теңге немесе жыл сайын 30 млрд. теңге бағытталатын болады.

    Осы қаражатты кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бағыттау ұсынылады.

    Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үш жылда 300 млрд. теңге немесе жыл сайын 100 млрд. теңге қосымша бағыттау ұсынылады.

    Қосымша қаражат негізінен:

    - Агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін субсидиялау көлемін ұлғайтуға;

    - «ҚазАгро» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту арқылы ет мал шаруашылығын, сүт саласын, өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

    Жалға берілетін тұрғын-үйді салуға арналған шығыстардыүш жылдық кезеңге 30 млрд. теңгеге немесе жыл сайын 10 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылады.

    Мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігінжәне жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық тәртібін қорғауға және ішкі қабілеттілікті қолдауға, халықты қорғауды және дағдарыс жағдайында басқару тұрақтылығын қамтамасыз етуге үш жылдық кезеңге 4,0 трлн. теңге, оның ішінде 2019 жылға
    1,3 трлн. теңге көзделеді.

    Президенттің жолдауын іске асыру үшін күш органдарының шығыстары 29,3 млрд. теңгеге ұлғайтылды, ол құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен байланысты.

    2019 жылға арналған субвенциялар мен алып қоюлар
    2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңға, ал 2020-2021 жылдарға Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесімен есептік деректерге сәйкес анықталды.

    Айталық, өңірлерді бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін теңестіру және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін 2019-2021 жылдарға 4,8 трлн. теңге сомасында қаражат, оның ішінде 2019 жылы - 1,6 трлн. теңге көзделді.

    Осы қаражат аясында Оңтүстік Қазақстан облысының субвенциялары көлемінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласына бөлінуі жүзеге асырылды.

    Шымкент қаласына теңестірілетін трансферттердің жалпы көлемі 2019 жылы 33,9 млрд. теңгені құрайды.

    Бюджеттік алып қоюлар 2019 жылы 286 млрд. теңгені құрайды. Атырау және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалалары донор өңірлер болып табылады. 2020 жылы алып қоюлар 302,7 млрд. теңгені, 2021 жылы 315,1 млрд. теңгені құрайды.

    Ағымдағы нысаналы трансферттер мен даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын шығыстар үш жылдық кезеңде
    3,0 трлн. теңгені құрайды , оның ішінде 2019 жылы 1,1 трлн. теңге, ол 2021 жылы 900 млрд. теңгеге азаяды.

    Жалпы алғанда 2019 жылға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өңірлерге 2,7 трлн. теңге бөлінетін болады , бұл бюджет шығыстарының 25%-ін құрайды.

    Жалпы алғанда, Мемлекет Басшының жолдауларын және 5 әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшінреспубликалық бюджет жобасындаүш жылдық кезеңге
    2,5трлн. теңге көзделді.

    Оның ішінде 2019 жылы – 851 млрд.теңге.

    Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ескере отырып қалыптастырылған республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері осындай.

    Назарларыңызға рақмет!

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.