Department of Culture and Language Development of the city of Satpayev
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
- Мәдениет саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыру;
- Саз, хореографиялық, театралдық, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерінің дамуына жағдай жасау;
- Мемлекеттік тілді дамытуды басты назарға ала отырып, қала аумағында тұратын халықтардың тілдерің дамытуға және үштілдік принципін қолдану мен таратуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру;
- Қала тұрғындарының тіл мәдениеті деңгейін арттыру;
- Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
Функциялары:
- жергілікті атқарушы органдарға театрлық, музыкалық және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-сауық жұмысы саласындағы мемлекеттік мәдени ұйымдарды құру туралы енгізу, сонымен қатар олардың қызметін қолдау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
- жергілікті маңыздағы тарихи, матералдық және рухани мәдениет ескерткіштеріне санақ жүргізу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- қалалық мәдени мекемелердің қызметкерлерін аттестациялауды өткізу;
- қаланың мәдени нысандарые салу, жөндеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
- тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қала аумағын жүзеге асыру бойын іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық іс-шараларды өткізу;
- тиісті органдарға ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық (селолық) округтерді, қаланың құрамды бөліктерін атау және қайта атау, оған қоса транскрипциясын өзгерту бойынша ұсыныстарды енгізу;
- тіл туралы заңнамаларда белгіленген тлаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасау, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларында белгіленген талаптардың бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту шаралары туралы құзырлы органдарға ұсыныс жасау.