"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметі туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; 2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); Онлайн қызмет алу үшін (портал арқылы «Электронды лицензиялау» www.license.kz ) авторизациядан өтіп, «қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет, өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою керек. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде қадағалауға болады. Қызмет алушыға жеке кабинетте мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және қызмет көрсетілу уақыты мен күні туралы хабарлама жолданады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы қызмет көрсетушіге мынадай құжаттарды жолдайды: Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы өтініш, электронды құжат түрінде, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған; Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерту кезінде, қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалаушы) құнын төлеу туралы электронды көшірме, сондай-ақ 9-баптың 5-тармағына сәйкес бюджетке жер учаскесінің кадастрлық (бағалаушы) құны мен өзгертілген мақсатты тағайындалуының арасындағы айырма сомасын төлеу туралы мәлімет. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; 2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде. Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.