Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты
Ақжар ауылы 1974 жылы құрылды. Ақжар ауылының орналасқан жері облыстың оң түстік шығыс бөлігінен, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Облыс орталығына дейінгі арақашықтық 500км, аудан орталығынан 4км. арақашықтықта орналасқан. Ауылдық округтің жалпы аудан көлемі- 106148га жерді алып отыр. Ауылдық округ құрамына үш елдімекен кіреді, оның ішінде Ақжар, Амангелді,Қарамойыл ауылдары. Ауылдық округ бойынша жалпы аула саны-499, халық саны-2102 адам.
Ақжар ауылдық округте 1 білім ордасы, 1 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 мәдениет үйі, 1 мешіт халыққа қызмет етіп келеді, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты заңнамалар ауыл халқына толығымен таныстырылып түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.
«Абай облысы Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.