«Абай облысы Жарма ауданы Жарма кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – әкімнің аппараты) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппаратында ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ.
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының Мелекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Әкімнің аппараты азаматтық- құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Әкімнің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің аппараты басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.