Павлодар облысының Әділет департаменті

    Департамент туралы

    Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Азаматтарды қабылдау

    2026 жылдың 26 қаңтарында сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы М.Имятовамен «Азаматтарды қабылдау орталығында» Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 80 мекен жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі.

    22 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    город Павлодар, улица Генерала Дюсенова, 80Павлодар облысының Әділет департаменті
    ОтырысАяқталды

    Азаматтарды қабылдау

    2026 жылдың 12 қаңтарда сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының м.а. А. Саменкуловпен «Азаматтарды қабылдау орталығында» Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 80 мекен жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі.

    9 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    В «Центре приёма граждан» по адресу: г. Павлодар, улица Генерала Дюсенова, 80.Павлодар облысының Әділет департаменті
    ОтырысАяқталды

    Ашық есік күні

    28 қарашада сағат 10:00-де Екібастұз қаласы, М. Жүсіп көшесі, 48 мекенжайында орналасқан Екібастұз қаласының ардагерлер кеңесі ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Барлық мүдделі азаматтарды іс-шараға қатысуға және өздерін толғантқан сұрақтарды қоюға шақырамыз.

    27 қараша 2025 ж.Тікелей
    город Экибастуз, ул. М. Жусупа 48Павлодар облысының Әділет департаменті
    ОтырысАяқталды

    Азаматтарды қабылдау

    2025 жылдың 01 желтоқсанда сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы М.Имятовамен «Азаматтарды қабылдау орталығында» Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 80 мекен жайында азаматтарды қабылдау өткізіледі.

    26 қараша 2025 ж.Тікелей
    «Центре приёма граждан» по адресу: город Павлодар, улица Генерала Дюсенова, 80Павлодар облысының Әділет департаменті
    ОтырысАяқталды

    Ашық есік күні

    25 қарашада сағат 12:00-де Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 128 мекенжайында орналасқан «Aldaspan» жастар орталығы ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Барлық мүдделі азаматтарды іс-шараға қатысуға және өздерін толғантқан сұрақтарды қоюға шақырамыз.

    25 қараша 2025 ж.Тікелей
    село Тереңкөл, ул. Елгина, 128Павлодар облысының Әділет департаменті

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Заңды тұлғаның мекенжайын растайтын құжаттар

    Жауап

    Егер де жылжымайтын мүліктің иесі жеке тұлға болып табылса нотариалды келісім, егер де жылжымайтын мүліктің иесі заңды тұлға болса, жалға беру келісім шарты ұсынылады

    Сұрақ

    Қоғамдық бірлестіктерде қатысушылардың құрамы?

    Жауап

    «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚРЗ 10 бабына сәйкес қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.

    Сұрақ

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкер қай кезде алынады?

    Жауап

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау келесі жағдайларда жүзеге асырылады: - борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін; - борышкердің мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаған кезде (алимент өндіру бойынша); - сондай-ақ борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде, атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

    Сұрақ

    Алимент өндіру бала 18 жасқа толғанда тоқтатылады ма?

    Жауап

    Алимент өндіру бала 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Алайда бала ақылы негізде оқуда болған жағдайда алимент төленеді. Ол үшін талапкер сотқа жүгінуі тиіс. Сотпен оң шешім тапқан жағдайда ақылы оқудағы балаға алимент төленеді.

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не және оны алуға кім құқылы?

    Жауап

    Заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін заң көмегі мемлекет кепілдік беретін заң көмегі деп танылады. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі: 1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға; 2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға; 3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға; 4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға; 5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға; 6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға; 7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі: 1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға; 2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға; 3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және тұрған жеріне қарамастан алуға құқылы. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғаның мүддесіне орай оның өкілі заңдарда белгіленген тәртіппен осындай көмек көрсету туралы өтінішхатпен жүгіне алады.

    Сұрақ

    Кешенді әлеуметтік заң көмегі дегеніміз не?

    Жауап

    Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады. Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға; 2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға; 3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға; 3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; 5) жасына байланысты зейнеткерлерге; 6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға; 7) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін. Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді. Мемлекет кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды ынталандырады.

    Ақпарат

    «Кабинет сторон исполнительного производства»

    Министерство юстиции Республики Казахстан запустило новый онлайн сервис «Кабинет сторон исполнительного производства» в Автоматизированной информационной системе органов исполнительного производства (далее – АИС ОИП) для повышения доступности и прозрачности исполнительного производства. С помощью данного сервиса «Кабинет сторон исполнительного производства» граждане могут ознакомиться с ходом исполнения исполнительного производства, в удобном формате получать актуальную информацию о ходе исполнительного производства, просматривать принятые меры частными судебными исполнителями, направлять обращения, ходатайства и жалобы, а также отслеживать статус их рассмотрения. В случае возникновения вопросов исполнения решения суда, должник либо взыскатель исполнительного производства может в онлайн режиме задать вопрос судебному исполнителю и при необходимости вложить документ, а также оплатить в онлайн режиме имеющуюся задолженность посредством платежного шлюза «электронного правительства». Особое внимание было уделено преимуществам онлайн-сервиса « Кабинет сторон», который предоставляет возможность сторонам исполнительного производства направлять обращения и получать информацию о ходе исполнения исполнительных документов в удобное для них время. Посредством данного сервиса пользователи могут направить запрос и получить официальный ответ в течение 5 рабочих дней с момента обращения, раньше сроки рассмотрения составляли 15 рабочих дней. Такой формат обеспечивает оперативность, прозрачность и снижает необходимость личного посещения государственных органов. Кроме того, отмечаем, что если ответ от частного судебного исполнителя не поступит в срок, жалоба поступает для дальнейшей работы – в Региональную палату частных судебных исполнителей. Если палата в свою очередь не отреагирует , то обращение автоматически попадает в Департамент юстиции. Для регистрации в данном онлайн-сервисе «Кабинет сторон исполнительного производства» через Автоматизированную информационную систему органов исполнительного производства (АИС ОИП) физическим и юридическим лицам необходимо открыть в ближайшем Центре обслуживания населения электронно–цифровую подпись либо самостоятельно получить через сервис Egov. Чтобы войти в «Кабинет сторон исполнительного производства» достаточно зарегистрироваться на сайте adilet . gov . kz или скачать мобильное приложение « AdiletGov » и пройти авторизацию. Популяризация и развитие онлайн-сервиса исполнительного производства «Кабинет сторон», направлена на повышение прозрачности, доступности и эффективности взаимодействия граждан и организаций с органами юстиции. Развитие цифровых сервисов-одно из ключевых направлений в повышении качества государственных услуг и реализации принципов открытого и клиентоориентированного государства. При возникновении вопросов вы можете проконсультироваться по номеру тел. Департамента юстиции раб.тел. 65-33-13, 65-33-11.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.