Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасың қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

    Міндеттері:

    1) әкім қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
    2) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді іске асыру.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Шестихатка жолы өте нашар қашан жөнделеді?

    Жауап

    Жаңақоныс т.а. Шестихатка елді мекенінің Үш Қоңыр көшесінен Абай көшесі бойымен Едіге батыр көшесіне дейін автомобиль жолын салуға ЖСҚ дайындалуда. Қоғамдық тыңдалым 2020 жылдың желтоқсан айында өтті. 2021 жылға ҚМЖ жоспарланып отыр. Автомобиль жолы салынғаннан кейін қоғамдық автокөлік «Шестихатка», «В» кварталы және «Бірлік» тұрғын массиві арқылы өтуге ұсыныс беріледі.

    Сұрақ

    Жаңақоныс тұрғын алабына балалар ойын алаңын салу жоспарда бар ма?

    Жауап

    Балалар ойын алаңдары бойынша, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында «Астана» ауданында 9 балалар ойын алаңдары орнатылатын болады. Жаңақоныс тұрғын алабында орналасқан ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі ( Жобалық құны-8.334.109 тг) , Жастар 1 ( Жобалық құны-1.839.635 тг) , Жастар 2(Жобалық құны-1.839.635 тг), Жастар 3 (Жобалық құны-1.839.635 тг) шағын аудандарында және Советская №3 мекен жайында (Жобалық құны-1.385.815 тг ) жаңадан балалар алаңдары орнатылатын болады. 2020 жылы 72 балалар ойын алаңдары орнатылды, 2021 жылы 67 балалар ойын алаңдары орнатылатын болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.