Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке беріле ме?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен ұсынылады
"Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының жер қатынастары секторын басқаратын және жер заңнамасына сәйкес атқарушы және бақылау функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Біздің өңір аумағы жағынан республикадағы ең үлкен облыс болып табылады. Жалпы жер аумағы – 30,1 млн га. Негізгі бағыттары: жерлерді қайтару және ұтымды пайдалану, жайылымдарды кеңейту, елді мекендердің шекараларын белгілеу, бұзылған жерлерді қалпына келтіру. 2025 жылдан бастап жер учаскелерін алу үдерісінің ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыру үшін қызметтерді цифрландыру жоспарлануда.
Мекеменің негізгі міндеттері:
Ашу
АшуАуыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке беріле ме?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен ұсынылады
Жеке тұрғын үй шаруашылығына (жеке қосалқы шаруашылыққа) жер учаскесін қалай алуға болады, оны алу (ресімдеу) рәсімі қандай?
Жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін алу үшін: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш беру қажет; 2) « Немесе электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы.
Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін қалай алуға болады?
Ақтөбе қаласында азаматтар eGov.kz арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ), өтініш беріп, жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) жер учаскесін ала алады