Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының міндеті – халықтың деңгейін және медициналық көмектің сапасын қорғауға және арттыруға бағытталған қоғамдық денсаулық жүйесін қалыптастыру:
1) халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
2) денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мен қолданбалы ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту;
3) қаланың қоғамдық денсаулық жүйесі қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
4) аурулардың профилактикасы – ерте диагностикалау, скринингтік және профилактикалық қарап-тексеру, аурулардың алдын алу және уақтылы емдеу;
5) қаланың салауатты инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету.
Жаңалықтар
Алматыда АПВ-ға қарсы егу науқаны қалай жүріп жатыр
АшуАлматы донорлары күн сайын 120 доза қан тапсырады
АшуАлматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) бастамасы шеңберінде жаңа жоба ұсынылды
АшуАлматыда өткен кеңесте аккредиттеу, вакциналау және скрининг мәселелері қаралды
АшуАзаматтарды қабылдау
АшуАлматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Оқиғалар
ҚР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті алматылықтар, әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, бейбітшілік пен келісімнің, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі. Денсаулық сақтау саласында Негізгі заң әрбір азаматтың денсаулығын сақтау және медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болуына тілектеспін. Әр отбасына бақыт пен молшылық, баршаңызға сәттілік пен табыс, қуаныш пен бақыт, денсаулық пен күш-жігер тілеймін! Ізгі ниетпен, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов