Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – қаланы перспективалық дамытуды қамтамасыз ететін энергиялық тиімді, қауіпсіз, инженерлік инфрақұрылым жасау және қоғамда ресурстарға ұқыпты қарау қатынасын қалыптастыру.

    «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

    • Алматы қаласын электрмен, жылумен, газбен, сумен, су бұрумен және көшелік жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету;
    • келешекте дамыту үшін қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту;
    • энергиямен жабдықтауды және энергия үнемдеуді арттыру үшін ақылды технологиялар енгізу;
    • коммуналдық қызметтерді жеткізушілер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, оның ішінде ақылды технологиялар енгізу арқылы;
    • ресурстарды ұтымды пайдалану үшін қала тұрғындарын ынталандыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Почему каждый раз в квитанции разная сумма за отопление?

    Жауап

    Үйде жалпыүйлік есептеу аспабы болған жағдайда жылыту қызметі бойынша 1м² бағасы ай сайын есептік кезеңде жалпыүйлік есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша есептеледі. Осы кезең міндетті түрде түбіртектің "жылыту" қызметі жолында көрсетіледі. Әр үйде өлшеу тәуелсіз жүргізілетіндіктен, 1м² үшін есептелген баға, тіпті есепті кезең көрші үйлерден өзгеше болуы мүмкін. Үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған жағдайда, есеп айырысу бекітілген қалалық тариф бойынша жүргізіледі. Бұл тарифтер alts.kz сайтта көрсетілген.

    Сұрақ

    Қаланың коммуналдық кәсіпорындарының нөмірлері қандай?

    Жауап

    Коммуналдық қызметтерді ұсынуда проблемалар туындаған жағдайда қалалық жедел қызметтердің мына телефондарына хабарласу қажет: Жылумен және ыстық сумен жабдықтау: Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өздігінше іс-әрекет жасамауды және орын алған оқиға туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65. Сумен жабдықтау және кәріз: Егер Сіз су құбыры және кәріз желілеріндегі, судың ағуы немесе ашық құдықтардағы штаттан тыс жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу «Алматы Су» МКК-ның тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметіне хабарласыңыз: +7 (727) 274-66-66, +7-771-852-91-01. Суық сумен жабдықтау және су бұрудың барлық мәселелері бойынша WhatsApp + 7 702 100 27 65 «сенім телефоны» жұмыс істейді. Электрмен жабдықтау: «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның байланыс орталығы: +7 (727) 356-99-99. 1-АЭЖ: 268-60-71, 268-60-74 2-АЭЖ: 375-25-44, 375-02-25 3-АЭЖ: 385-45-27 4-АЭЖ: 242-65-63 5-АЭЖ: 375-04-69, 375-28-00 6-АЭЖ: 272-23-66, 272-24-32 7-АЭЖ: 268-02-40, 268-02-48 Газбен жабдықтау: Газбен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет. Сыртқы жарықтандыру: Көше шамдарының жарамсыз болу жағдайында «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 300-75-42/41.

    Сұрақ

    Жылыту мәселелері туындаған жағдайда қайда және қандай нөмірге хабарласуға болады?

    Жауап

    Жылумен жабдықтау желілерінің жұмысында мәселелер туындаған немесе авариялық жағдайлар туындаған кезде, тұрғындарды "Алматы жылу желілері" ЖШС мекен-жайына келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Анықтама қызметі: +7 (727) 341 0700, +7 (727) 341 0777 Диспетчерлік қызмет: 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06-62 (қосымша 1013) Авариялық қызмет: 378-06-65, 378-06-98

    Сұрақ

    Сумен жабдықтау желілерінің жұмысында мәселелер туындаған жағдайда қайда және қандай нөмір бойынша хабарласуға болады?

    Жауап

    Сумен жабдықтау желілерінің жұмысында проблемалар туындаған жағдайда қала тұрғындары "Алматы Су" МКК мекенжайына келесі нөмірлер бойынша хабарласуы қажет: +7 727 3 777 444 – Тұтынушыларды қолдау жөніндегі Сall-орталық – сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін; +7 727 274-66-66 – тәулік бойғы авариялық диспетчерлік қызмет

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.