Егіндікөл ауданының әкімдігі
«Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты) аудан әкiмiнiң ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Жаңалықтар
Оқиғалар
2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Егіндікөл ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулерінің (жаңа редакцияда) КҮНТІЗБЕСІ
2026 жылдың екінші жартыжылдықта Егіндікөл ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі
2026 жылдың екінші жартыжылдықта Егіндікөл ауданы ауылы және ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі
2026 жылдың бірінші жартыжылдықта Егіндікөл ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі
2026 жылдың бірінші жартыжылдықта Егіндікөл ауданы ауылы және ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі
Сұрақ-жауап
Құжаттар
"Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі"ММ Ережесі
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «_ 09 _»_ маусым __ № __ а-6/99 _ қаулысымен бекітілді «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ Егіндікөл ауылы, 2025 жыл Жалпы ережелер «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Егіндікөл ауданында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар: 1) «Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі; 2) «Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы Егіндікөл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 3) «Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Бөлімнің құрылтайшысы Егіндікөл ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020699, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 үй. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде –«Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде-государственное учреждение «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Егиндыкольского района». Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салады. Егер бөлімге заңды актілермен тиесілі кірістілікті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері Бөлімнің миссиясы-Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру, сондай-ақ өңірде дене шынықтыру мен спортты дамыту саласына басшылық жасау. Бөлімнің Міндеттері: өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; ауданда мемлекеттің мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы бағдарламаларының, сондай-ақ мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аудан әкімінің, тапсырмаларының орындалуын бақылау; азаматтық қоғам институттарымен, ауданның жұртшылық өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасының Мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері жөніндегі заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру; ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және обьективті зерттеу, жинақтау және талдау; әлеуметтік салада, мәдениет пен тілдерді дамытуда мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру; спорт резервін дайындау бойынша аудандық спорт мектебінің қызметін үйлестіру; аудандық деңгейде спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу; әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету; барлық үлгідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау; азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорттық және балалар клубтарын құру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметінің мәселелері бойынша есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау; екінші, үшінші ересек, бірінші, екінші, үшінші жасөспірімдер разрядтарын; жаттықтырушы-оқытушы құрамға: біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі, екінші санатты жаттықтырушы; спорт төрешісі спорттық разрядтарын беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету; мүгедектер үшін мамандандырылған спорт топтарын құру. Бөлімнің Функциялары: Ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қызметін үйлестіру, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг, талдау және болжамдауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу; ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау мәселелері бойынша, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу; орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын орындауына бақылауды жүзеге асыру, оны бұзу фактілерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау; ішкі саясатты, мәдениетті және тілдердің қолданылуын дамытудың өңірлік және стратегиялық жоспарын әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету; аудандық қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды өткізуді саяси қамтамасыз ету; ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдаманы, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; тарихи және мәдени мұралардың, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) бойынша тексерулер жүргізу; уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын және құжаттарды жасау; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, әртүрлі деңгейдегі атқарушы билік органдарына, білім беру және мәдениет мекемелеріне, халыққа қызмет көрсетудің әртүрлі салаларына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік тілде іс жүргізу бөлігінде тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда практикалық көмек көрсету, халықтың әртүрлі жастағы топтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру; мемлекеттік тілді, орыс және басқа тілдерді дамыту, насихаттау бойынша практикалық іс-шаралар өткізу (конкурстар, фестивальдар және т. б.); мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ведомстволарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты ресімдеуге көмек көрсету; ауданда ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, аудандық ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; өз жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік басқаруға, халыққа қызмет көрсетудің түрлі салаларына және әлеуметтік салаға мемлекеттік тілді енгізу туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты хабардар ету, халық арасында мемлекеттік тілді насихаттау; ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту; аудандық деңгейде спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу; спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету; спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру; әкімшілік-аумақтық бірлікте дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдау және облыстық органға ұсыну; аудандық спорт мектептерінің спорт резервін дайындау жөніндегі қызметін үйлестіру; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіру; мүгедектер үшін мамандандырылған спорт топтарын арттыру үшін жағдай жасау; барлық үлгідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау; азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорттық және балалар клубтарын арттыру үшін жағдай жасау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру. Маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері: жергілікті атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұрату және алу, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды пысықтау үшін уақытша жұмыс топтарын құру; аудан әкіміне ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, мемлекеттік органның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру; Бөлімге қарасты мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға бөлімнің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу; Қазақстан Республикасының тіл заңнамасын орындау, мемлекеттік тілді, орыс және басқа тілдерді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерінде басқа мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасау; әкімдіктің, облыстың, аудандардың активінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттік органдары өткізетін іс-шараларға қатысу; бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде бұқаралық дене шынықтыруды, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылау, жетекшілік ететін спорт түрлері бойынша құрама командалар спортшыларының және спорт резервінің оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады. Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Бөлім басшысының өкілеттігі: лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді, онда бөлім қызметкерлерінің және Бөлімге ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда бөлім атынан өкілдік етеді; Бөлімнің құқықтық актілеріне қол қояды; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне және басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді; белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. Жұмыс тәртібі Жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның мүлкі Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Бөлімді және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының сайлау учаскеслерінің шекарасы және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарлама
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының сайлау учаскеслерінің шекарасы және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, «Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бауман ауылының әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы №38/24 қаулысы, Егіндікөл ауданы әкімінің 2026 жылғы 25 мамыр №2 шешіміне сәйкес, Егіндікөл ауданының сайлау учаскелерінің шекарасын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын және орналасқан жерін хабарлаймыз. № 391 учаскелік сайлау комиссиясы Орналасқан жері: Бауман ауылы, Школьная көшесі 1, орта мектеп ғимараты, тел: 8 (71642) 2-43-34. Шекаралары: Бауман ауылы. Төрайым – Узельдингер – Сакимова Лаура Кинаятовна; төрайымның орынбасары – Кенесова Наталья Александровна; комиссия хатшысы – Спиранская Алина Викторовна; комиссия мүшелері – Қарқымбаева Салтанат Қабиденқызы, Рауд Крестина Владимировна. Егіндікөл ауданының әкімі Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА
Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына және «Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бауман ауылының әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы №38/24 қаулысы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 шілдедегі №3/30 «Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз. Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Бауман сайлау округі Бауман ауылының шекарасында. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Орналасқан жері : Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 7, Егіндікөл ауданының аудандық әкімдігінің ғимараты, телефоны 8(71641)2-11-66. Комиссия төрағасы – Жаңабаев Самат Жаңабайұлы; Комиссия төрағасының орынбасары – Джұмабаева Гүлзада Серікқызы; Комиссия хатшысы – Дингель Андрей Владимирович; комиссия мүшелері: Попова Лидия Николаевна, Ибраева Гузель Рамильевна, Шадура Татьяна Васильевна, Шоқыбай Асқар Серікұлы. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының меңгерушісі
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06-16.06.2026 1 кезеңге жіберу: 15.06-16.06.2026 2 кезеңге жіберу: 17.06.2026 Эссе: - 18.06.2026 Сұхбат: 22.06.2026 Анықтама телефоны: 87164221855 E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Блок А, грейд 4 Лауазым атауы: Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының меңгерушісі Функционалдық міндеттері: Сектор қызметіне басшылықты жүзеге асыру. Сектор мамандарының лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау. Аудан аумағында объектілерді салу бойынша жұмыстардың уақтылы және сапалы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Кондоминимум объектісінде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау. Тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын бақылау. Кондоминимумның ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау. Кондоминиумды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылау. Кондоминиум және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне тұрақты техникалық тексеру жүргізу. Тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау. Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ объектілерді белгіленген мерзімде пайдалануға беруді бақылау. Жоспар бойынша бөлінген қаражатты толық игеру бойынша жұмыстардың орындалуын, құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламалар беруді бақылау. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуіне, қаржыландыру жоспарының орындалуына, аудан аумағында құрылысқа бөлінген жерлерді пайдалануға, ескерткіштерді күзетуге және қалпына келтіруге бақылауды жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Білімі бойынша талап: инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет және құрылыс) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: Жұмыс тәжірибесі талапқа сәйкес болуы тиіс: жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады. https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5352735131
cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06-16.06.2026 1 кезеңге жіберу: 15.06-16.06.2026 2 кезеңге жіберу: 17.06.2026 Практикалық баға: 18.06.2026 Анықтама телефоны: 87164221855 E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Блок А, грейд 3 Лауазым атауы: cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Функционалдық міндеттері: Жолаушылар тасымалы саласындағы нормативтердің сақталу мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру. Ауданның автомобиль жолдарын ағымдағы және күрделі жөндеу, жеңілдетілген қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру саласында қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылау және ұсыныстар әзірлеу. Олардағы жолдар мен құрылыстардың жұмыс істеуі және жөнделуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, орындалған жұмыстарды қабылдау, есептік деректерді дайындау және оның қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат беру. Автомобиль жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурстарды дайындауға және өткізуге қатысу. Автомобиль көлігін дамыту бағдарламалары мен схемаларын әзірлеу. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Білімі бойынша талап: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе жылу энергетикасы немесе автоматтандыру және басқару немесе машина жасау немесе көлік құрылысы) немесе қызметтер (тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау немесе тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс өтілі талап етілмейді. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады. https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5351972210
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.06-16.06.2026 1 кезеңге жіберу: 15.06-16.06.2026 2 кезеңге жіберу: 17.06.2026 Практикалық баға: 18.06.2026 Анықтама телефоны: 87164221855 E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Блок А, грейд 3 Лауазым атауы: cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Функционалдық міндеттері: Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын сумен жабдықтау саласындағы нормативтерді сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру. Ауданның коммуналдық меншігін сумен жабдықтау объектілері мен инженерлік желілерін қысқы кезеңге дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру. Ауданның коммуналдық саласы объектілерін жылытуды қамтамасыз ету үшін қажетті көмір қорын құруды үйлестіру. Жазғы жөндеу - қалпына келтіру кезеңінде коммуналдық меншік объектілерін, сумен жабдықтау объектілерінің магистральдық желілерін бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру. Ауданды абаттандыру бойынша іс-шараларды орындау. Ауданды абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылау және ұсыныстар әзірлеу. Абаттандыру объектілерін жөндеу және күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылау. Бөлімнің құжаттамасын және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Білімі бойынша талап: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларында (жылу немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)) немесе қызметтер (тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс өтілі талап етілмейді. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады. https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5352318745
