Астана қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Астана қаласы әкімінің аппараты қала әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Рецепт бойынша тегін немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) аясында мемлекет белгілі бір пациенттер категориясына — дәрігердің рецепті бойынша тегін дәрі-дәрмек береді. Дәрі-дәрмекті рецепті бойынша қалай алуға болады: Өз емханаңыздағы дәрігерге барыңыз (участкелік терапевт немесе профильдік маман); Дәрігер сіздің жағдайыңызды бағалап, қажет болған жағдайда рецепт береді: көбінесе электронды рецепт болып, базаға тіркеледі; ерекше жағдайларда қағаз түрінде рецепт берілуі мүмкін. Рецептпен (немесе ЖСН арқылы) МӘМС бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жақын жердегі дәріханаға барыңыз. Дәрі-дәрмектер қайда беріледі: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) келісімшарт жасаған дәріханаларда; Дәріханалардың тізімін емханада немесе fms.kz сайтынан анықтауға болады; Дәрі-дәрмектер электронды рецепт болған жағдайда ЖСН бойынша беріледі, қағаз рецепт қажет емес. Құқық иелері: МӘМС шеңберінде ем алып жатқан тұлғалар; Мемлекеттік бағдарлама тізіміне енгізілген созылмалы аурулары бар пациенттер; 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, мүгедектер және басқа жеңілдік санатындағы азаматтар. Маңызды: Тегін дәрі-дәрмектер бекітілген тізім бойынша ғана беріледі; Егер дәрі-дәрмек тізімге кірмесе — оны өзіңіз сатып алуыңыз керек; Рецепттің жарамдылық мерзімі — әдетте 1 ай, ал есірткілік, психотроптық және күшті заттарды қамтитын дәрі-дәрмектерге берілетін рецепт 15 күннен аспайды, нақты мерзімін дәрігерден сұраңыз.

    Сұрақ

    Қай жерде тегін талдау тапсыруға болады?

    Жауап

    Қазақстанда азаматтардың кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін талдау тапсыру құқығы бар. Тегін талдау қайда және қалай тапсырылады: Тіркелген емханаға барыңыз; Участкелік терапевт немесе отбасылық дәрігердің қабылдауынан өтіңіз; Дәрігердің көрсеткішіне байланысты қажетті талдауларға жолдама беріледі. Қандай талдаулар тегін тапсырылады: Қан мен зәрдің жалпы талдауы; Биохимиялық талдаулар (глюкоза, холестерин және т.б.); Инфекцияларға арналған талдаулар; жағындылар, полимеразды тізбекті реакция, ультрадыбыстық зерттеу және басқа да тексерулер — дәрігердің көрсеткіштері бойынша; Ауруханаға жатқызу немесе профилактикалық тексеруден бұрын сынақтар алу. Маңызды ақпарат: Талдаулар тек дәрігердің жолдамасы бойынша ғана қабылданады; Егер өз бастамамен жолдамасыз келген болсаңыз, қызмет ақылы болуы мүмкін; Сондай-ақ тегін талдаулар скрининг пен диспансеризация аясында жүргізіледі. Құқық иелері: МӘМС жүйесіне қатысатын және емханаға тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары; Жарна төлемеген жағдайда да әлеуметтік осал санаттағы азаматтар.

    Сұрақ

    Астана қаласында мамандандырылған техниканы қайда тіркеуге болады?

    Жауап

    Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Астана қаласы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция функциясын жүзеге асырады. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді, мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді, оларды басқару құқығына куәліктер беруді жүзеге асырады.Мекен-жайы – «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғ. 13, 1 қабат. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-16:30, Түскі ас 12:00-13:30.

    Сұрақ

    Аялдама павильондарын (жылы аялдамалар) орнатуға қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Астана қаласында жабық (жылы) аялдамаларды орнату келесі басымдықтар бойынша жүзеге асырылады: әлеуметтік маңызды нысандарға жақын (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.); жолаушылар ағыны жоғары учаскелер; қоғамдық көлік ауысып мінетін хабтар; шеткері аудандар. Қажетті әрекеттер: Тұрғындардың атынан өтініш жазу. Өтінішті аудандық әкімдікке жолдау. Аялдама орнату учаскесі нормативтік талаптарға сай болуы тиіс: o Қоғамдық көлікке арналған арнайы қалта (заездной карман) болуы; o Қону алаңының (посадочная площадка) болуы. Аялдамаларды орнату қайдан қаржыландырылады? Жабық павильондар мекенжайлық бағдарлама негізінде орнатылады: Қалалық мобильділік басқармасы тарапынан инфрақұрылымдық талдау жүргізіледі; Тұрғындардан келіп түскен өтініштер де ескеріледі; Әр ұсыныс техникалық және әлеуметтік негіздеме бойынша сараланады.

    Сұрақ

    Азаматтар жұмыс іздеп жүрген адам ретінде қалай тіркеле алады?

    Жауап

    Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі: 1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы арқылы; 2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы; 3) "Электрондық еңбек биржасы" (бұдан әрі- enbek.kz порталы) арқылы жүзеге асырылады. Сұрақтар болған жағдайда, Бейбітшілік көшесі, 9 мекен-жайы бойынша Еңбек мобильділігі орталығына (Мансап орталығы) жүгіну қажет (жұмыс тәртібі сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері:сенбі, жексенбі). Анықтама телефондары: 249624, 248934, 248938, 248937, 248773 (сұраныс жасаушыларды қолдау бөлімі).

    Сұрақ

    Астана қаласы әкімінің жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Қала әкімі, оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу үшін Бейбітшілік 11 мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімідігіне немесе "е-Өтініш" ақпараттық жүйесіне өтініш қалдыру арқылы жазылу қажет. Қабылдау бекітілген кесте бойынша, кезектілік ретімен жүргізіледі.

    Ақпарат

    Әңгімелесу өткізу кестесі

    Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты 1. «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімінің басшысы, D-O-3 (1 бірлік), ФИАО-1) 1. Абуова Назым Жамантайқызы Астана қ., Сарыарқа ауд., Бейбітшілік көш., 11; № 221 зал (немесе «zoom» арқылы); 15.06.2026ж.; Әңгімелесу: сағ. 10:00-де. Құрметті бос лауазымға орналасуға үміткерлер! Өткізілген конкурстың әңгімелесу барысына қатысты пікірлеріңіз немесе шағымдарыңыз болса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің 24-89-28, 24-89-29 телефондарына хабарласа аласыздар. Барлық конкурс қатысушыларына қызығушылық танытқандарыңызға алғасымызды білдіреміз! Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 55-64-32, 55-64-33 телефондарына хабарласыңыз.

    Астана қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім

    «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімінің басшысы, D-O-3 (1 бірлік, ФИАО-1) Белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін келесі конкурсқа қатысушы әңгімелесуге жіберілді: - Абуова Назым Жамантайқызы. Құрметті бос лауазымға орналасуға үміткерлер! Өткізілген к онкурстың әңгімелесу барысына қатысты пікірлеріңіз немесе шағымдарыңыз болса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің 24-89-28, 24-89-29 телефондарына хабарласа аласыздар. Барлық конкурс қатысушыларына қызығушылық танытқандарыңызға алғасымызды білдіреміз! Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 55-64-32, 55-64-33 телефондарына хабарласыңыз.

    Астана қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурс нәтижесі туралы ақпарат

    2026 жылғы 11 маусымда өткен конкурстың қорытындысы: «Астана қаласының «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Е-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне 2029 жылғы 18 ақпанға дейін, ФО-1) – Сабиева Самал Акмаганбетовна . Құрметті бос лауазымға орналасуға үміткерлер! Өткізілген конкурстың әңгімелесу барысына қатысты пікірлеріңіз немесе шағымдарыңыз болса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің 24-89-28, 24-89-29 телефондарына хабарласа аласыздар. Барлық конкурс қатысушыларына қызығушылық танытқандарыңызға алғасымызды білдіреміз! Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 55-64-32, 55-64-33 телефондарына хабарласыңыз.

    Астана қаласының әкімдігіЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.