Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады , сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады. С ыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған с ыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы № р /с Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 М.Курманбаева Мүгедектігі бар адамдардың өтініштері мен ұсыныстарын қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды. Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етуін үйлестіреді. Әлеуметтік қызметтер порталы мен «Е-собес» жүйесінің басқа мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланбауы салдарынан психоневрологиялық есепте тұрған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаларға жеке көмекші ретінде заңсыз төлемдер жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ, жеке көмекшінің шет мемлекетке шыққан жағдайында төлемді тоқтату мүмкіндігінің болмауы бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына әкеледі. 2 З.Мусина Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында көзделген негізгі міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген құжаттардың сапалы жүргізілуін, мәліметтерді сапалы ұсынылуын, уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді; Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге рәсімдеу кезінде өтініш берушінің туыстары туралы нақты деректердің орталықтандырылмағандығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. 3 З.Мусина Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында көзделген негізгі міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген құжаттардың сапалы жүргізілуін, мәліметтерді сапалы ұсынылуын, уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді; Шекті бағалардың төмен белгіленуіне байланысты дәрі-дәрмек сатып алу мүмкін еместігі қызмет алушыларды қажетті медициналық көмекпен толық қамтамасыз ете алмауы тәуекел туғызады. 4 Н.Кажыгалиева Мекеменің қаржыландыру жоспарын уақытында орындалуын, соның ішінде басқарма қызметкерлерінің еңбекақысын уақытында төлеу, зейнетақы төлемдерін, салықты, әлеуметтік төлемдерді мерзімінде аудару, аудандық және қалалық ағымдағы трансферттерді уақытында аударуды қамтамасыз ету. Басқарманың және бағынысындағы ұйымдардың (13 АӘҚКО) шоғырландырылған жартыжылдық және жылдық балансын жасақталуын және тапсырылуын қадағалау; Уақтылы тауарлар мен қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын есепті жылдың 1 қарашасына дейін жасалуын, жеткізу мерзімін бақылауға алу. 5 Н.Кажыгалиева Мекеменің қаржыландыру жоспарын уақытында орындалуын, соның ішінде басқарма қызметкерлерінің еңбекақысын уақытында төлеу, зейнетақы төлемдерін, салықты, әлеуметтік төлемдерді мерзімінде аудару, аудандық және қалалық ағымдағы трансферттерді уақытында аударуды қамтамасыз ету. Басқарманың және бағынысындағы ұйымдардың (13 АӘҚКО) шоғырландырылған жартыжылдық және жылдық балансын жасақталуын және тапсырылуын қадағалау; Бағынысты мекеме басшыларының жемқорлыққа жол бермеу жолдарын алдын-алу мақсатында мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілдері бойынша сатып алу көлемін азайту.